Саясат

"Бауырластықтың шынайы рухы": БҰҰ басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

© AP Photo / Bebeto MatthewsЛоготип ООН
Логотип ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2021
Жазылу
Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik.  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберіндегі кездесу кезінде айтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы шара аясында премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

"Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз", - деді Гутерриш.

Өз кезегінде министр президенттің БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды.

"Қыс жақындап келеді, екі айдан кейін Ауғанстанның көп бөлігінде жол жабылады, тіпті Кабулдағы әуежайдың тиімді жұмыс істеуі барлық гуманитарлық көмек адамдарға жеткізіледі дегенді білдірмейді", - деді ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Осыған байланысты Ілиясов Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмекті сақтау және тарату үшін баламалы өңірлік хаб құру қажет екенін атап өтті.

БҰҰ бұл идеяны мақұлдады

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0