Өңірлер

"Азия Авто" басшысы өлі табылды

© Sputnik / Владислав Водневшырақ
шырақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2021
Жазылу
Полиция "өз-өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Азия Авто" басышысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"23 қыркүйекте Өскемен қаласының Ертіс полиция басқармасы бөлімі Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол салуға жеткізу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Өзге ақпарат тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жарияланбайды, дейді полициядағылар. 

Бұған дейін салық органы  "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялағаны туралы жазған болатынбыз

Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр.  Forbes ақпараты бойынша ол 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Азия Авто" кәсіпорынымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзған болатын. Сот келісімді жарамсыз деп таныды. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0