Оқиға

Алматыдағы атыс: Тоқаев көз жұмған екі полицей мен сот орындаушысын марапаттады

© Sputnik/Александр МирогловАлматыдағы атыс кезінде көз жүмған полицейлер Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев
Алматыдағы атыс кезінде көз жүмған полицейлер Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2021
Жазылу
Олар ІІ дәрежелі "Айбын" ордені және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушыны мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм); 

Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) марапатталды.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі Әбенов Мұрат Бақбергенұлы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Алматыдағы қанды оқиға

Трагедия 20 қыркүйек кешкі бес шамасында болды.

Банк борышкері сот шешімін орындауға келген бірнеше адамды атып тастады. Салдарынан бес адам – екі полицей, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы көз жұмды.

1967 жылғы күдікті басқа адамға сатылған баспанасын босатудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Жаңалықтар
0