Әлем

Байден Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

© AFP 2024 / SAUL LOEBНизкие облака над Капитолием
Низкие облака над Капитолием  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Профессор криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сәуле Омарованы ақша айналымын бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) басшысы қызметіне тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл басқарма Америкадағы банк секторының негізгі реттеушісі болып саналады. Бұл туралы Bloomberg.com хабарлады.

Тағайындау жұмысымен таныс үш бірдей адам Сәуле Омарованың бір апта ішінде басқарма жұмысына тартылатынын растады. Алайда Ақ үй ақпаратты ресме түрде нақтылаған жоқ. Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова осы қызметке тағайындалса, АҚШ тарихында алғаш рет банк секторының негізгі реттеушісін әйел адам басқарады.

"Ақша айналымын бақылау басқармасы елдің ірі кредиторларын бақылайды. Олардың ішінде JPMorgan Chase & Co., Bank of America Corp. және Citigroup Inc. бар. Корнель университетінің заң факультетінде дәріс беріп жүрген Омарова таңдалса, Уолл-стритке оңай болмайды. Қатты бақылау мен қатаң ережелер енгізіледі деген болжам бар", - дейді мақала авторы.

Профессор Сәуле Омарова криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен.

Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.

Байден Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Сәуле Омарова

Джордж Буш кезінде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

Сәуле Омарова Корнель университетінде жұмыс істейді. Банк құқығы бойынша профессор дәрежесі бар. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989), Висконсин университінде (1999) және Солүстік-Батыс университінде (2001) оқыған. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі.

Жаңалықтар
0