Денсаулық

Індет тағы 62 қазақстандықтың өмірін жалмады

© AP Photo / Jorge Saenzмедицина қызметкері
медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтырған 131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 53 адам, вирустық пневмониядан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал бір тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды, 247 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0