Қоғам

Ең төменгі жалақының өсуі 3,5 млн адам табысын ұлғайтады – вице-премьер

© Sputnik / Владислав ВодневЖители Нур-Султана
Жители Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қазір парламентте жатқан үш жылдық республикалық бюджет жобасында қызметкерлер жалақысын өсіруге қажет қаржы қарастырылғанын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының 60 мың теңгеге дейін өсуі ел экономикасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ең төменгі жалақының өсуі тұтыну себетіне кіретін тауарлар мен қызметтерге сұраныс ұлғаятынын білдіреді. Біздің есебіміз бойынша ең төменгі жалақының қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілуі инфляцияға 0,7 процент шегінде қосымша үлес қосады. Бірақ бұл қысқа мерзімдік әсер. Өндірістің тұтыну тауарларына сұраныс артуына бейімделуіне қарай, инфляция әсері біртіндеп төмендейді", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ең төменгі айлықтың артуы макроэкономикалық жағдайға да оң әсерін тигізеді деп санайды.

"Атап айтқанда, бүгінде жалақысы 60 мың теңгеден аз 1 миллион 650 мың адамның кірісі артады. Бұған қоса, айлығы 60 мыңнан сәл жоғары тағы 2 миллионға жуық адамның табысы өседі. Осылайша ең төменгі жалақының өсуі 3,5 миллионнан аса адам табысының ұлғайына әкеледі", - деді бірінші вице-премьер.

Смайыловтың сөзінше, сарапшылардың есебі бойынша ел экономикасының өсу қарқыны жеделдейді, ЖІӨ өсімі қосымша 1,5 процент тармаққа үдейді.

Ол қазір парламентте жатқан үш жылдық республикалық бюджет жобасында қызметкерлердің жалақысын өсіруге қажет қаржы қарастырылғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0