Денсаулық

QazVac дельта штамнан қорғай алады – зерттеу қорытындысы

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаКазахстанская вакцина QazCovid-in
Казахстанская вакцина QazCovid-in - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты өндірген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық QazVac вакцинасы "Дельта" штамнан қорғай алады. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай қорытынды жасады.

"Зерттеу отандық QazVac вакцинасын салдырғандарда антиденелер деңгейі жоғары екенін көрсетті. Вирусқа қарсы денелер зерттеуге қатысқандардың 90 процентінде табылды", - деп жазылған білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, зертханалық жануарларға да сынақ жасалды. QazVac вакцинасынан кейінгі антиденелер алақоржында да табылды. Ол антиденелер коронавирустың үнді штамына төтеп бере алады.

"Вакцина коронавирустың Ухань, альфа-британиялық, дельта штамдарына қарсы тұра алатынын көрсетті", – деді ғылыми институт бас директоры Күнсұлу Закарья.

Айта кетері, QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты өндірген болатын.

2021 жылдың басынан бері ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін қолданылып келеді. QazVac 18 жастан асқан адамдарға салынады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0