Өңірлер

Малдары бруцеллезге шалдыққан Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтусиырлар
сиырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Ауру жұқтырған сиырдың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше ауданда бруцеллез тіркелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары жалғыз табыс көзінен айырылғанын жеткізді. Адамдар көктемнен бері ветеринарлық қызмет аурудың асқынуын не себепті тоқтата алмағанын түсіне алар емес.

Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерованың екі сиыры бруцеллезге шалдыққан, енді олардың да көзін жою көзделіп отыр.

Әйелдің сөзінше, барлығы көктемде басталған. Сол уақытта жергілікті фермердің 30-дан астам сиыры ауру жұқтырғаны анықталды.

"Сиырлар жаппай ауырып, бізде ауру өршіп жатыр. Толмачевкада, Асановода ауылында қазір тыныш, бірақ ветстанция әрекет етпей отыр. Неге олар дабыл қақпайды? Неге олар келіп, карантин енгізіп, аулаларды тазартпайды?", - деді Маргарита Кучерова.

Қазір ауыл тұрғындары келесі кезекте кімнің малынан бруцеллез шығуы мүмкін екенін білмей отыр. Барлығы биліктің не себепті карантин енгізбей отырғанына аң-таң. Адамдар осындай тәсіл арқылы өздерін етті арзан бағаға сатуға мәжбүрлейді деп болжады.

Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің сегіз сиырын алып кеткен. Оның сөзінше, мал – отбасының жалғыз табысы. Енді төрт баланың әкесі оларды қалай асырайтынын білмейді.

"Менің сегіз сиырымды алып кетті, осылайша маған жарты миллионнан астам шығын келді. Оларды бізден арзан бағаға сатып алып кетіп жатыр, әр килограммы үшін 700 теңге төледі. Бұл күлкілі баға, себебі килограммы 1 200 теңгеден сатылады, ал жас малдың еті 1 600 теңге. Мүмкін олардың жоспары осындай шығар", - деді Маргер.

Қызылжар ауданының мал дәрігерлері құрамына төрт ауыл кіретін Асанов ауылдық округінде бруцеллездің тарауы биыл 10 есе өскенін айтты. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың таралуын тоқтату үшін ауылдарды карантинге жапқан.

"Зерттеу қорытындысы бойынша 9 шілдеден Плоское ауылына және 10 қыркүйектен Толмачевка ауылына карантиндік шектеулер енгізілді. Былтыр барлығы 11 жағдай тіркелген еді. Былтырмен салыстырғанда биыл ауырған мал басы 90 басқа артық. Барлық жерде механикалық тазалау жүргізілді. Содан кейін толық дезинфекция жасаймыз. Артынша дезинфекцияның сапасын зертхана арқылы тексереміз", - деді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Бағенов.

Мамандардың пікірінше, аурудың күрт өсуіне малдың бақылаусыз қозғалысы себеп болған. Бруцеллез Есіл ауданында да тіркелген. Ол жерде жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Қазір өңірде әрбір сиыр жоспарлы түрде тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0