Ресейлік қадағалаушы орган басшысы ТМД мемлекеттері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 31-ші отырысына қатысып жатыр.
Игорь Краснов өз сапарын астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүлшоғын қоюдан бастады. Монумент Қазақстанда тұратын барша ұлт татулығының нышаны.
Ресейдің бас прокуроры пандемия кезінде ТМД қадағалаушы орган басшыларының кездесуін өткізу бірлескен жұмыстың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
"Бұл кездесу біздің алдағы уақытта әріптестікті нығайтып, өзекті мәселелер бойынша бірлесе шешім қабылдауға ниетті екенімізді дәлелдейді", - деді ол отырысты ашқан кезде.
Ол барша әлем Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты. Құқық қорғау органдары бұл елден босқындар заңсыз шекарадан өтіп кетпеуін қадағалауға тиіс. Ислам мемлекеті* сынды лаңкестік топтардың белсенділігіне жол бермеу керек, деді Краснов өз сөзінде.
Бұдан бөлек, шекаралас мемлекеттер арқылы заңсыз есірткі айналымының өсуіне жол бермеу керектігі сөз болды.
** "Ислам мемлекеті" (ИГ**) – Қазақстанда, Ресей Федерациясында және басқа елдерде тыйым салынған террористік топ.