Аңдатпа

Қазақстанда 23 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиевкүзгі саябақ
күзгі саябақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Парламент отырысы. Тікелей көрсетілім www.parlam.kz. сайтында өтеді.

11.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов; қаржы министрі Е. Жамаубаев; ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев. Брифингтің тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

12.30 - Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін күзгі дала жұмыстарына дизель отынымен қамтамасыз ету туралы онлайн-брифинг. Спикерлер: Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев, мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байдильдинов.

Көрсетілімі Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің әлеуметтік желідегі парақшаларында: https://www.youtube.com/user/ortcomkz,
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz өтеді.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Ұр тоқпақ" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).
12.00 - "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
16.00 - "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

АЛМАТЫ

23-26 қыркүйекте 2021 жылғы керлингтен әлем кубогы – Н. Назарбаев атындағы 20-шы Кубок өтеді (20th Nazarbayev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021). Қазақстанда мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет өткізіліп отыр. Әлем кубогы спорттық жарыстардың халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Іс-шара еліміздің ең үздік мұз сарайларының бірі – Almaty Arena-да өтеді. Әлемнің 12 командасы қатысып, Халықаралық керлинг федерациясының басшылығы мен делегациясы келеді деп жоспарланып отыр. Ашылу салтанаты 23 қыркүйекте сағат 11.00 -де өтеді (ойындар 09.00-де басталады). БАҚ үшін кіру тегін.
12.00 - "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
18.30 - "Теория нитки. Звериные истории" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).
19.00 - "В главной роли…" спектаклі ("Өркен" театр -студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).
19.00 - "Mission to Mars" симфониясының әлемдік премьерасы (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
19.00 – "Дон Паскуале" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).
19.00 – "Рок. Кармен" спектаклі (Тотальный театр, Шевченко көшесі, 114).

24 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

24-25 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда "Шындықты жеткізу және әлемді қорғаушылар туралы естеліктерді сақтау" шарасы өтеді. Шараны ұйымдастырушы "Atamnyn Amanaty" қоғамдық қоры, жалпы ресейлік "Поисковое движение России" қоғамдық қозғалысы. Конференция барысында петербургтік суретші Сергей Ларенковтың "Отстоим Москву!" көрмесі өтеді.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
16.00 - "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу -Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
16.00 – "Ер Төстік" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).
19.00 – "Лифт" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).
19.00 – "Травиата" спектаклі ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
19.00 – "Гоголь. Петербург" спектаклінің премьерасы (Жас көрермендерге арналған музыкалық театр, Омаров көшесі, 47б).

АЛМАТЫ

12.00 - "Волк и семеро козлят" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
18.30 – "Шахмат" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).
19.00 - "В главной роли…" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).
19.00 - "Над кукушкиным гнездом" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).
19.00 – "Рок. Кармен" спектаклі (Тотальный театр, Шевченко көшесі, 114).
19.00 - "Mission to Mars" симфониясының әлемдік премьерасы (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
19.00 – "Мәңгілік ел" концерті ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).
19.00 - Қазақконцерт жаңа концерт маусымын ашады ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).
20.00 - "Самурай и Сасай" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

7.30 – Скандинавиялық жүруден оныншы мерейтойлық марафон, Экиден командалық эстафетасы:10 км, 21,1 км, 42,2 км. Қатысу үшін тіркелу қажет (Толығырақ https://www.almaty-marathon.kz/ru сайтында).

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

  • Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
  •  Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы.
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы.
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы.
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды.

Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0