Өңірлер

Минус 9°C-қа дейін төмендейді: 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

© Photo : СС0 / TheUjulalaЗабор
Забор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында сынап бағанасы 1-9 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Салқын атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, елдің басым бөлігінде өзінің ықпалын сақтап қалады, деп хабарлады Қазгидромет.

"Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында сынап бағанасы 1-9 градусқа дейін төмендейді. Батыста атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Ірі қалалардағы ауа райы

Бейсенбі күні астанада түнде +3, күндіз +8 градус болады. 24 қыркүйекте түнде плюс екі градус, күндіз +8 градусты көрсетеді. Сенбі күні таңертең -2°C, күндіз +12°C.

23 қыркүйекте Алматыда сынап бағанасы түнде +14, күндіз +22 градусты көрсетеді. Ал жұмада түнде +11, күндіз +19°C, күн ашық. 25 қыркүйекте де дәл осындай ауа райы сақталады.

Шымкентте бейсенбіде түнде +14, күндіз +27 градус болады. 24 қыркүйекте түнде +14°C, күндіз отыз градус ыстық. Сенбіде де шымкенттіктерді күн шуағы қуантады. Күндіз сынап бағанасы 31 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер болжамы

Қазгидромет қоңыр күз қашан келетінін және қыркүйектің соңы мен қазанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Үшінші онкүндіктің басында республика аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары ауысып, соның әсерінен температуралық фон біртіндеп көтеріледі.

Алдымен елдің батысында сынап бағанасы күндіз +20+25°С дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлерінде де күн жылиды. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +17+25°С дейін жоғарылайды, орталық және шығыста +20+28°C дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін ыстық болады.

Қазан айында ауа райы қандай болады

Алдын ала болжамға сәйкес, қазан айының екінші онкүндігінде де күн жылы болады, алайда түнгі уақытта температура түседі: батыста түнде +5+13°С, күндіз +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С жылы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға қоңыр күз қашан келеді

Жаңалықтар
0