Өңірлер

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға барды

© ИА Новости-Казахстан, Баубек КоныровВиды Актау
Виды Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Ертең, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын көруге барады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Бүгін мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады", - деп жазды Уәли әлеуметтік желіде парақшасында.

Ертең, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын көруге барады.

Тоқаев Маңғыстау мәселесін не үшін сұрады

10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Маңғыстау облысының әкімінен жұмысшылардың наразылығы жайында сұраған болатын.

Сол кездегі әкім Серік Трұмов мұнай саласындағы қиындыққа пандемия себеп болды деп айтқан. Шикізаттың бағасы күрт төмендеді. Содан мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысы азайып кетті.

Ол "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, осы мәселені шешу үшін кешенді жоспар дайындалып жатқанын айтты. Ондағы мақсат – сервистік компаниялар мен мұнайшылар еңбекақысын теңестіру. Себебі олар бір жұмысты атқарады. Бірақ жекеменшік сервистік компаниялардың тарифі төмен.

Сол отырыста президент Маңғыстау облысын дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеген болатын. Жақында аймақ басшысы ауысты. Серік Трұмов сенат депутаты болды. Ал оның орнына Нұрлан Ноғаев барды.

Жаңалықтар
0