Өңірлер

Талдықорғанда газбен жүретін автобустар пайда болды

© Photo : пресс-служба акима Алматинской областиТалдықорғандағы газбен жүретін автобустар
Талдықорғандағы газбен жүретін автобустар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Ол үшін қалада арнайы газ толтыратын компрессорлық стансы тұрғызылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған қаласында газбен жүретін 20 автобус пайда болды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік орталықтың Талдықорған қаласына ауысуына 20 жыл толуына орай табиғи газбен жүретін жаңа автобустар жолаушылар тасымалына шығарылды. 

"Бұл өте маңызды міндет деп білемін. Өйткені, жолаушы тасымалдайтын компаниялардың автопарктерін жаңартуға мүмкіндігі жоқ болатын. Біз оларға "Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,3 миллиард теңгеден астам қаржыға автобус сатып алып, лизингке беріп отырмыз. Бұл автобустардың ең басты ерекшелігі – таза табиғи өнім газбен жүретіндігінде", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Ол үшін қалада арнайы газ толтыратын компрессорлық стансы тұрғызылған. Жергілікті бюджеттің есебінен түрлі деңгейдегі жолаушылар – мектеп оқушыларының, студенттердің, ардагерлер мен басқа да көптеген жолаушының тегін жүруіне жағдай жасалды.

Оқи отырыңыз:

  • "Баспен бір ұрды": Қарағандыда кондуктор оқушының мұрнын сындырды
  • "Аялдамаға келіп айғайлаймын": Ақтауда такси жүргізуші жолаушыларды тегін тасып жүр

 

Жаңалықтар
0