Оқиға

Алматыдағы атыс: полиция бөлімінің бастығы екі инспектордың қызметі туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Алатау ауданыда атыс болған жер
Алматыда Алатау ауданыда атыс болған жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғындар олардың кәсіби біліктілігін, жауаптылығын, ұқыптылығы мен сезімталдығын әрқашан жоғары бағалаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиевті жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлады polisia.kz. 

Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаевтың айтуынша, екі учаскелік инспектор да қызметте тек жақсы жағынан сипатталды. Ал жергілікті тұрғындар олардың кәсіби біліктілігін, жауаптылығын, ұқыптылығы мен сезімталдығын әрқашан жоғары бағалаған.

"Капитан Байғазиев азаматтармен, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жақсы қарым-қатынаста болды. Азаматтар полиция департаментіне Нұрболдың жұмысы туралы оң пікірлермен, алғыс хаттармен жиі жүгінді. Біз оның үлгілі қызметін әрқашан мысал ретінде көрсетеміз, әсіресе жас ұрпаққа, - деді ол.

Полиция бөлімінің бастығы сонымен қатар атыс кезінде көз жұмған тағы бір полицей Дархан Сүлеевтің учаскелік инспектор қызметіне жуықта келгенін атап өтті.

"Дархан Сүлеев біздің бөлімде ұзақ қызмет етпеді. Ол ішкі істер министрлігінің Академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін учаскелік инспектор болып тағайындалды. Бұған дейін жедел уәкіл болып қызмет еткен. Дархан органдар жүйесінің әрбір қызметіне қызығушылық танытты, сондықтан ол өзін халықпен жұмыс жасауға арнауды шешті", - деп атап өтті ол.

Алатау аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Сүлеев 1982 жылы туған, ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет еткен. Ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдары ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгісімен марапатталды. Ол үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Байғазиев 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Еңбек еткен жылдары 13 марапатқа ие болды, оның ішінде “Үздік құтқарушы жауынгер” және “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгілерімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Алматыдағы қанды оқиға

20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы трагедияның хронологиясы 

1967 жылы туған ер адам полиция қызметкерлеріне, сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына және олармен бірге барған адамдарға оқ жаудырды. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды.

 

 

Жаңалықтар
0