Видео

Пальма аралындағы жанартау лавасы бассейндегі суды қайнатып жіберді - видео

Жазылу
Үйлер, инфарқұрылым мен егінді жалмап жіберді - Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауының лавасы туралы жергілікті тұрғындай осылай дейді

Жанартау лавасы Кумбре-Вьеханың бөктерінен баяу сырғып, жолындағының бәрін күлге айналдырып жағалауға жетті.

Дронмен түсіріліген видеодан лава Пальма аралындағы тұрғынның бассейніндегі суды бір мезетте қайнатып жібергенін көруге болады.

Жергілікті билік аралдан алты мың тұрғынды эвакуациялағанын айтты. Және таяу арада Пальма мен жақын маңдағы Гомер, Иерро аралдарына қайтып оралмауға кеңес берді.

Сонымен қатар Испанияның туризм министрі Рейес Марото Кумбре-Вьехадағы жанартауды көрнекі орынға айналдыру туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, ерекше құбылыс Канар аралдарына мыңдаған турист тартуға таптырмас мүмкіндік.

Алайда бұл идея әзірге тек сынға ұшырап жатыр. Өйткені оның атқылауы қаншалықты шығын келтіргені әзірге белгісіз. Қазір 150 үйдің зардап шеккені белгілі. Аймақ басшысы Мариано Эрнандес Сапата лава үйлер, жолдар мен егінді жалмап жатыр дейді.

Жанартау Кабеса-де-Вака көлінен 19 қыркүйекте атқылай бастады. Жергілікті биліктің болжамынша ағындар оңтүстік-батыстағы тұрғын үйлер мен ормандарға қарай жылжуы мүмкін.

Кумбре-Вьеха жанартауы соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын атқылаған. Ол 80 мың тұрғыны бар Пальма аралының оңтүстігіндегі жотада орналасқан.

Өткен аптадан бері мұнда магнитудасы 4 баллға жеткен мыңдаған дүмпулер сезілді. Кумбре-Вьеха  XX ғасырда екі рет - 1949 және 1971 жылы атқылаған болатын.

Жаңалықтар
0