Өңірлер

Оралда бір жасар сәбиге әлемдегі ең қымбат дәрі қажет

© Public DomainРебенок в руках мужчины, иллюстративное фото
Ребенок в руках мужчины, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Сырқатқа шалдыққан бүлдіршін үшін аяқ-қолын қимылдату күн сайын қиындап барады. Фатиманың әкесі диагнозды естіген соң отбасы өмірі түбегейлі өзгергенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек — Sputnik. Жарты жыл бұрын дәрігерлер оралдық Фатима Асқарға жұлын бұлшықеті атрофиясы деген диагноз қойды, деп жазады "Мой город" порталы. 

Бұл генетикалық сырқат кезінде жұлынның қозғалыс нейрондары зақымдалады. Салдарынан бұлшықет жұмыс істемей қалады. Дерт аяқтан басталып, тыныс алу жолына дейін жетеді. Бірақ науқастың ақыл-ойы сақталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМАйлик Фатима Асқар 9м (@sma_fatima_uralsk)

Фатиманың әкесі Қанат Құспанов диагнозды естіген соң отбасы өмірі түбегейлі өзгергенін айтады. Ұйқысыз түндер, ауруханадан шықпай анализ тапсыру мен дәрі-дәрмекс сатып алу үйреншікті өмірді алмастырды.

Көпбалалы отбасы аумағы 15 шаршы метр болатын бөлмеде тұрады. Құны миллиард теңге болатын "Золгенсма" препаратының уколын алуға қаражат жоқ. 

Бүлдіршінге қалай көмектесуге болатынын ата-анасының Instagram парақшасынан білуге болады. 

Сондай-ақ, елде дәл осындай дертке шалдыққан Эмилия Керімбаеваға да қаржы жиналып жатыр. Тұрғындар соманың жартысын аударған. 

Бұған дейін ақсайлық Эмир Шахмаровқа қажетті қаражат жиналған болатын.

Жаңалықтар
0