Елорда тынысы

Үш күн болды: астаналық полиция 19 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр

© Photo : pixabay / Foundry CoНаушники
Наушники - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Ол 19 қыркүйек сағат 11.00-де үйден шығып, қайтып оралмады. Бойы - 160-165 сантиметр, арықша, қараторы келген, шашы қара, бетінде меңі бар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек — Sputnik. Астаналық полицейлер осыдан 3 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Еспол Ақбота Нұржанқызы 2002 жылы туған. 19 қыркүйек сағат 11.00-де үйден шығып, қайтып оралмады.

Бойы - 160-165 сантиметр, арықша, қараторы келген, шашы қара, иығына дейін, бетінде меңі бар. Қара куртка, көк джинсы мен түрлі-түсті кроссовки киген.

© Пресс-служба полиции Нур-СултанаЕспол Ақбота Нұржанқызы
Үш күн болды: астаналық полиция 19 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Еспол Ақбота Нұржанқызы

Жоғалған бойжеткенге қатысты ақпарат болса Есіл аудандық полиция басқармасына хабарласуды сұрайды. Байланыс телефондары: 8 (7172) 71-65-53, 71-65-57, 71-65-58, 8 (702) 199-19-11 немесе 102.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0