Денсаулық

Нұр-Сұлтанда хирургтар бұрын-соңды болмаған операция жасады

© Photo : Пресс-служба управления общественного здоровья АлматыОперация, архив сурет
Операция, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Операция Тараздағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 4, 6 жастағы ұл мен қызға жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Елорданың №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының хирургтары бұрын тәжірибе жүзінде болмаған, жаңа инновациялық әдіс бойынша бірегей ота жасады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тараздағы балалар үйінен келген 4, 6 жастағы ұл мен қызға остеогенез диагнозы қойылып, сүйектерінің деформациясын жою отасы жасалды. Тиісті ота жасалмаса балалардың дамуына кері әсері тиюі мүмкін.

Мұндай диагноз қойылған балалардың сүйектері өте әлсіз, сынуға бейім болып келеді. Оларды тіпті "хрусталь балалар" деп те атайды. 

"Бұл диагноз ары қарай дамитын болса балалар өздігінен қозғала алмайтын болады. Бұл хирургиялық түзетуде инновациялық әдістердің бірі – fassier-duval телескопиялық интрамедуллярлық өзектер қолданылды. Негізгі артықшылығы – оны жеңіл орнату және сүйек эпифиздеріне жақсы бекуі", - дейді №2 балалар ауруханасының ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Агабек Чикинаев.

Бұл операция Ресейдің танымал профессоры, EPOS Еуропалық балалар ортопедтері қоғамының мүшесі Константин Жердевпен бірге қазақстандық мамандарды оқыту аясында жүргізілді.

"Мұндай ота бізде алғаш рет өтіп отыр. Қобалжығанымызбен кәсіби дайындықпен келдік. Бұл мамандарымыздың біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе жинауға ықпал етті. Алдағы уақытта қазақстандық дәрігерлер күрделі операцияларды жүргізуде осы инновациялық әдісті қолдана алады. Себебі мұндай диагнозы бар пациенттердің саны жыл сайын артып келеді", - деп бөлісті дәрігер Бақтияр Жұмабеков.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0