Спорт

"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
"Канело" жекпе-жекке арналған баспасөз конференциясында қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы IBF титулының иегері америкалық Калеб Плантпен төбелесіп қалды. Оқиға олардың жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында болды.

​Көз түйістіру кезінде "Канело" қарсыласын қатты итеріп жіберді. Боксшыларды баспасөз конференциясына қатысушылар ажыратты.

Альварес пен Плант арасындағы жекпе-жек 6 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Спортшылар супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.

"Канелоның" соңғы жекпе-жегі 8 мамырда өтті, ол Билли Джо Сондерсті ұтып, WBO чемпионы болды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасты. Бітіспес қарсыластар алғашқы жекпе-жекте тең түссе, екіншісі Альварестің жеңісімен аяқталды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0