Оқиға

"Баспана беріледі": министр Алматыда қаза болған полицейлер отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинОцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя
Оцепление места массового убийства, где алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеше Алматының Алатау ауданында бес адам қайтыс болды. Оның ішінде екі полицей бар: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев.

"Біз үшін кеше өте ауыр, орны толмас қайғылы күн болды. Алматы қаласындағы оқыс оқиға салдарынан 5 азаматымыз оққа ұшты. Оның ішінде ішкі істер органдарының екі қызметкері бар. Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының "Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз" деген қанатты сөзі бар. Олар адамгершілігімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштігімен талайға үлгі бола білді", - деп жазды Тұрғымбаев Facebook парақшасында қайтыс болған қызметкерлер жайлы.

Министр олардың адам ретінде қалыптасып, патриоттық болмысымен ел тыныштығын қорғағанын айтты.

"Дархан Сүлеев ішкі істер саласында 18 жыл қызмет атқарса, Нұрбол Байғазиев 7 жылдан бері сапта қызмет етіп келді. Оларды әріптестері қызметіне адал, достыққа берік, жүрегі кең азамат ретінде мәңгі есте сақтайды. Марқұмдардың әке-шешесі, отбасы, туған-туысына көңіл айтып, қайғысына ортақтасқым келеді. Жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын", - деп жазды министр.

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді. Тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасына барып қайтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматыдағы атыс

20 қыркүйекте кешкі сағат бес шамасында Алматыда атыс болды. Бірнеше полиция қызметкері, жеке сот орындаушылары және үйдің жаңа иесі борышкерді үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген.
Оқ атқан адамның отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Жеке үй сот орындаушысы арқылы үшінші тұлғаға сатылды. Бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді бергісі келмеген.

Үйдің иесі – 1967 жылы туған ер адам полиция мен сот орындаушылары үйге кірмек болған кезде оларға оқ атқан. Салдыранан бес адам қайтыс болды. Олар: 2 полицей, бір сот орындаушысы, үйдің иесі мен оның танысы.

Ал қайтыс болған полицей Дархан Сүлеев ІІМ-де 2004 жылдан бері жұмыс істеген. Оның бес баласы қалды. Нұрбол Байғазиев 2014 жылы қызметке кірісті. Оның екі баласы қалды. Балалардың бәрі кәмелеттік жасқа толмаған.

Жаңалықтар
0