Аңдатпа

Қазақстанда 22 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы күзі
Алматы күзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Sputnik Қазақстан 22 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 - Мәжілістің жалпы отырысы. Отырыс онлайн режимде мәжіліс сайтынан және мәжілістің YouTube  желісінде өтеді.   

12.30 - “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы туралы баспасөз конференциясы. Шара Президент жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметінде” өтеді. Спикерлер: Филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп, "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00 - "Бастау Бизнес" жобасының түлектері қатысатын онлайн-форум. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылады.  Форумға  "Атамекен" ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, сондай-ақ жоба түлектері қатысады. Жобаға қатысқан кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөліседі. "Бастау Бизнес" жәрмеңкесінде шығарып жатқан тауарларын көрсетеді. Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, The St. Regis Astana Hotel, Қабанбай батыр даңғылы, 1. Аккредитация b.nyssanbayeva@gmail.com поштасы арқылы 20 қыркүйек күні сағат 13:00-ге дейін жасалады.

Форумның трансляциясын "Атамекен" ҰКП-ның Facebook пен  youtube аккаунтарынан көруге болады: https://youtube.com/c/Atamekenkz; https://www.facebook.com/atamekenkz/

16.30 - Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы брифинг.

Шара Президент жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметінде” өтеді. Спикерлер: Павлодар облысы әкімінің орынбасары Құрманова Айзада Амангелдіқызы, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ситказинов Айдар Кенжетайұлы, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлиев Батырбек Төлеубекұлы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы, Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Омарбеков Ермек Сембайұлы,
Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Слямғазина Сауле Есенгелдіқызы.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов; қаржы министрі Е. Жамаубаев; ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев. Брифингтің тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

24 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

24-25 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда "Шындықты жеткізу және әлемді қорғаушылар туралы естеліктерді сақтау" шарасы өтеді. Шараны ұйымдастырушы "Atamnyn Amanaty" қоғамдық қоры, жалпы ресейлік "Поисковое движение России" қоғамдық қозғалысы. Конференция барысында петербургтік суретші Сергей Ларенковтың "Отстоим Москву!" көрмесі өтеді. 

26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

7.30 – Скандинавиялық жүруден оныншы мерейтойлық марафон, Экиден командалық эстафетасы:10 км, 21,1 км, 42,2 км. Қатысу үшін тіркелу қажет (Толығырақ https://www.almaty-marathon.kz/ru сайтында).

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  • Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы.
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті  иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы.
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
  • Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы.
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

 

Жаңалықтар
0