Оқиға

Меркіде 35 жастағы ер адам оқушыны зорлады

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Қылмыс Жамбыл облысы Меркі ауылында болған. Олар Instagram арқылы танысқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл облысының полициясы оқушыны зорлады деген күдікпен ер адамға қатысты қылмыстық іс тергеп жатыр.

Жергілікті пабликтер ақпаратына сәйкес, 12 жастағы қыз 35 жастағы ер адаммен Instagram арқылы танысқан.

Облыстық полиция қылмыс туралы ақпарат Меркі аудандық полиция бөліміне түскенін хабарлады. Тәртіп сақшыларына балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны жеткізілгені айтылған. 

Меркі аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің "зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - деді ведомствода.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0