Қоғам

Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Қазақстанда карантин жеңілдетіледі, соған байланысты жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат беріліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, "сары" аймақта 30%-тен, "қызыл" аймақта 20%-тен аспауы керек.

Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0