Денсаулық

"Балалар жаппай ауырады": желіде мектепке у шашу туралы ақпарат тағы тарады

© AP Photo / Manu Fernandezоқушылар
оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
What ‘sApp мессенджерінде тараған бұл ақпарат ата-аналар арасында дүрбелең туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. What ‘ sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудио хабарлама таратылуда.

Автордың айтуынша, олар мектепке у шашқаннан кейін қажет болады, өйткені одан кейін балалар жаппай ауырып, өле бастайды. 

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz.

"Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ", – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ата-аналар арасында дүрбелең туғызған дыбыстық хабарламалар бұған дейін де тараған болатын. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті оны да жоққа шығарды. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0