Экономика

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі пара алу ісі бойынша тергеліп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Барлық ұсталған адам тергеумен бірлесе жұмыс істеп, істі мойындау бойынша жауап беріп жатыр. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкіліне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттіктің хабарлауынша, "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшыларының бірі пара алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

"Ол "Фитосанитария" РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компания өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

Барлық ұсталған адам тергеумен бірлесе жұмыс істеп, істі мойындау бойынша жауап беріп жатыр.

Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0