Спорт

Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты тексеру жүргізеді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото спортсмена со штангой
Архивное фото спортсмена со штангой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Жақын арада федерация әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады 

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik.  Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қайтыс болуына байланысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді. 

"Кеше кешкісін ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желідегі парақшаларында құрама командасының жаттықтырушыларына шағым және сын айтты. Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті", - деп жазылған федерацияның сайтында

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, жақын арада федерация әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады. 

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте талантты спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер өмірден озғаны хабарланды. 

Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин  Instagram парақшасында спортшы Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді.

Ильин карьерадан кейін ауыр атлеттердің назарсыз қалатыны себеп екенін айтты. 

"Спортшылардың психологиялық және физикалық жарақаты болады. Өкінішке қарай, біз олармен күресе алмаймыз. Бізде спорт медицинасы қалағанымыздай емес. Сондықтан да біз спортшыларымыздан айырылып жатырмыз. Өйткені карьераны аяқтағаннан кейін біз ешкімге керек емеспіз. Жеңістен кейін үлкен тәжірибені қайта бастау керек екенін сезесің. Ал бұл үрей туғызады", - деп атап өтті Ильин. 

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің інісі Семен Линдер спортшының қайтыс болғанға дейін қандай мәселемен бетпе-бет келгенін айтты.

Семен Линдер әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және ағасының медальдерін жерге көмген сәті түсірілген видео жариялады.

Оқи отырыңыз: 

  • Допинг дауының қатысы жоқ: Чиншанлоның жұлқа көтеруін төрешілер неге есептемеді
  • 400 килограмдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды – видео

 

 

 

 

Жаңалықтар
0