НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
"Сонымен қатар ол Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады. Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті", - делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды.
Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.
Оқи отырыңыз:
- Полицей Пермь университетінде оқ атқан адамның қаруын қалай тартып алғанын айтты
- Пермь университетінде студент 8 адамды атып өлтірді
- Қазақстандағы Ресей азаматы дауыс беруге балдақпен келді – видео