Өңірлер

Шығыс Қазақстанда көлік инспекциясының 11 қызметкері ұсталды  

© SputnikГрузовая машина, архивное фото
Грузовая машина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Қылмыстық топ кәсіпкерлерден күн сайын 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алып отырған

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көлікті бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлері кәсіпкерлерден күн сайын 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алған. Олар кәсіпкерлерге өңірде қамқорлық көрсетіп, жүк тасымалдау бойынша кедергісіз жүріп-тұруға жағдай жасаған.

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырғаны хабарланды.

"Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған параның күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған", - делінген ақпаратта.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу бойынша 20 жағдайды анықтады.

4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындап, тергеумен бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Жаңалықтар
0