Өңірлер

Атырауда діни ағымға кіріп кеткен бірнеше адам райынан қайтты – видео

© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметіБас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Бас мүфтимен кездескеннен кейін жергілікті тұрғындар діни сенім мен ұстаным бойынша шалыс басқан қадамдарына өкінетіндерін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында "Иманғали" мешітінде азаматтармен дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти азаматтардың ақида, фиқһ мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Бірнеше сағатқа созылған жеке ықпал ету іс-шарасында Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге болудың, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Кездесу нәтижесінде жергілікті азаматтар діни сенім мен ұстаным бойынша шалыс басқан қадамдарына, дұрыс емес бағытта жазылған діни кітаптардан білместікпен ақпарат алып қойғанына өкінетіндерін жеткізді. Сонымен қатар ашық сұхбат жүргізіп, көкейкесті сұрақтарға жауап берген Бас мүфтиге, Атырау қаласының имамдарына алғысын білдірді.

Дәстүрлі емес діни ағымның зияны түсіндірілген кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0