Оқиға

Алматыдағы төтенше оқиға: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя. Фото с места событий
Алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя. Фото с места событий - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Жеке меншік үйге сот орындаушы полицейлермен бірге келген. Олар бір жарым сағат бойы үйге кіре алмады. Кейін үй ішінен оқ атылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Алатау ауданы Ақбұлақ шағын ауданындағы Сыздықов көшесінде 5 адамды атып өлтірді.

Оқиға орнына жүрген полицейлер атыстың қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеке меншік үйге сот орындаушы полицейлермен бірге келген. Олар бір жарым сағат бойы үйге кіре алмады. Кейін үйдің ішінен оқ атылды. 

"Оқиға орнында бес адам қайтыс болды. Екеуі полицей және бір сот орындаушы, тағы екі адамға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр. Қайтыс болғандар арасында үйдің жаңа иесі де бар", - деді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Бұған дейін қайтыс болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бар деген ақпарат болған. Алайда төтенше жағдайлар министрлігі ол мәліметті жоққа шығарды. 

Қылмыскер карабиннен оқ атқан. Оны ұстау үшін қару қолданылған жоқ. Алайда арнайы жасақ қызметкерлері жұмылдырылды.

Алматыдағы атыс

Бүгін сағат 17:00-де "Ақбұлақ" шағын ауданында төтенше оқиға болды. 54 жастағы Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады. Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олар сот үкімін орындауға келген.

Үкімге сәйкес, үй иесі баспананы босатуға тиіс еді. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей мен сот орындаушыға және олардың жанындағы екі адамға оқ атқан. Біреуі үйдің жаңа иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің аты-жөні жарияланды:

  1. Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған;
  2. Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.
Жаңалықтар
0