Саясат

БҰҰ Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құруды мақұлдады – СІМ

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Министрлік көлік логистикасы тұсынан да Алматы ыңғайлы орналасқанын атап өтті. Ұшақпен Кабулға дейінгі жол 3 сағатқа жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан билігі Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын ашу бастамасын көтерген болатын. БҰҰ бұл идеяны мақұлдады. 

Бұған дейін Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов хаб құруды ұсынған болатын. Ол жерде Ауғанстанға көрсетілетін халықаралық гуманитарлық көмек сақталып, үлестірілетін болады. 

"Қазақстан бастамасы БҰҰ ресми өкілдерінің алдын ала оң бағасын алды. Бүге-шүгесі барлық тараппен келісілгеннен кейін жан-жақты талқыланатын болады", - делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің РИА Новости сұрауына жауабында.

Ведомство бұл идея Ауғанстанда гуманитарлық апаттың алдын алу бойынша әлем қауымдастығына қолдау көрсетуге бағытталғанын хабарлады.

"Бұл хаб Ауғанстан экономикасы құлдырауының, босқындар легінің артуының және өзге гуманитарлық салдардың алдын алуға сеп болар еді. Ауғанстанға көмек үлестіретін халықаралық орталыққа айнала алады", - деді министрлікте.

Министрлік көлік логистикасы тұсынан да Алматы ыңғайлы орналасқанын атап өтті (ұшақпен Кабулға дейін 3 сағаттан аз). Бұған қоса, транзиттік хаб ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылым бар.

Ауғанстандағы жағдай

Тамыздың басында "Талибан" Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылды үдете түсті. 15 тамызда тәлібтер ел астанасына басып кіріп, президент сарайын өз басқаруына алды. Ал 16 тамызда Ауғанстанда соғыс аяқталғанын және билік түрі жақын уақытта белгілі болатынын жариялады.

*Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0