Қоғам

"Сайлауға Қарағандыдан келдім": Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневИзбиратели на одном из участков голосуют на выборах в Госдуму России
Избиратели на одном из участков голосуют на выборах в Госдуму России   - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Жазылу
Қазақстандағы Ресей Федерациясының азаматтары Мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Мәселен бір сайлаушы жарақатына қарамай, дауыс беруге балдақпен келді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұратын және жұмыс бабымен келген Ресей азаматтары Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы аясында дауыс беріп жатыр. Ол үшін бес қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Приозерск, Орал мен Өскемен) сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесіне барып, дауыс беру барысын көріп қайтты.

Нұр-Сұлтанда екі учаске ашылды

Қазақстан астанасында № 8125 және № 8126 сайлау учаскесі ашылды. Біреуінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындары дауыс берсе, екіншісінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының тұрғындары өз таңдауын жасайды. Сайлау учаскесінің екеуі де Ресейдің мәдениет және ғылым орталығында орналасқан. 

© Sputnik / Владислав Воднев№ 8125 сайлау комиссиясының төрағасы Александр Комаров
Сайлауға Қарағандыдан келдім: Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
№ 8125 сайлау комиссиясының төрағасы Александр Комаров

№ 8125 сайлау комиссиясының төрағасы Александр Комаровтың айтуынша, оған қарасты учаскеге адам көп келіп жатыр.

"Нұр-Сұлтан тұрғындарына қызмет көрсететін учаскеге көрші учаскемен салыстырғанда адам көптеу келіп жатыр. Қала тұрғындары болғасын белсенді болды. Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Халық толастайтын емес, жай отырған адам көрмейсіз. Түстен кейін адамдардың белсенділігі көтерілді", - дейді Комаров.

Ал №8126 сайлау учаскесінде түске дейін 20 адам дауыс берген. Комиссия төрағасы Валерий Катункиннің сөзіне қарағанда,  сайлаушылардың көбісі Қарағанды облысынан келген.

© Sputnik / Владислав Воднев№8126 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Валерий Катункин
Сайлауға Қарағандыдан келдім: Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
№8126 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Валерий Катункин

"Нұр-Сұлтанға дейінгі арақашықтықты ескерсек, әжептеуір адам келді деуге болады. Көбісі ұйқысын қандырып, түстен кейін келуді жоспарлап отырған шығар. Жол да алыс. Шамамен екі-үш сағат жүру керек", - деп атап өтті Катункин.

Сақтық шаралары қатаң сақталады

Пандемияға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталады. Алдымен дауыс беруге келген адамдардың дене қызуы өлшенеді. Одан кейін әрбіреуіне бір реттік жиынтық таратылады. Оның ішінде қолғап, бетперде мен қалам бар. Ал комиссия мүшелері қорғаныс киімдерін киді. Дауыс беру кабинкалары жабылмайды. Қауіпсіздік үшін пердені алып тастаған. 

© Sputnik / Владислав ВодневРесей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі
Сайлауға Қарағандыдан келдім: Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Ресей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі

Учаскелік комиссияның төрағасы Валерий Комаровтың айтуынша, сайлау учаскесінің ішін үнемі жуып отырады. Желдету шаралары да атқарылады.   

"Қызметкерлерге вакцина алу немесе ПТР-тест әкелу міндет емес. Алайда сайлауға тартылған мамандардың басым бөлігі екпе салдырды", - дейді ол.

Дауыс беруге бір күн берілді

Ресейде және кейбір шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны 17 қыркүйекте басталған. Ал Қазақстанда сайлауға бір күн ғана беріліп отыр.

"Сайлаушылар көп емес. Сол себепті дауыс беру науқанын үш күнге созудың қажеті жоқ.  Барлығы дауыс беріп үлгереді. Меніңше, 12 сағат жетеді", - дейді Комаров.

Қазақстандағы Ресей азаматтарына алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Сайлау учаскесіне келсе болды.

© Sputnik / Владислав ВодневРесей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі
Сайлауға Қарағандыдан келдім: Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Ресей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі

РФ Қоғамдық палатаның атынан келген бақылаушы Степан Вадюниннің айтуынша, сайлау учаскесінде түсініспеушіліктер тіркелген жоқ. Барлығы заң бойынша өтіп жатыр.

Сайлаушылар не дейді?

Sputnik Қазақстан дауыс берген ресейліктердің сайлауға қатысты пікірін де білді. Мәселен Маргарита есімді Ресей азаматы Қазақстанда тұрады. Соған қарамастан азаматтық борышына жауапкершілікпен қарап, сайлауға үнемі қатысып отырады.

"Қазақстанда көптен бері тұрамын. Сайлаудан ешқашан қалмаймын", - дейді Маргарита.

Ал Леонид Нұр-Сұлтанға ота жасату үшін келген. Осы жерде анасы тұрады. Ол сайлау учаскесіне балдақпен келді.

"Өзім Ресейде тұрамын, анама қонаққа келдім. Осы жерде туғанмын, бұрынғы Целиноградта. Қазір Ресей азаматымын. Ота жасатуға келдім. Операция жасаттым, содан кейін дауыс бергенді жөн көрдім", - деді ол.

Дмитрий болса, шетелдегі сайлаудың қалай ұйымдастырылатынын көргісі келген.

© Sputnik / Владислав ВодневРесей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі
Сайлауға Қарағандыдан келдім: Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Ресей Мемлекеттік думасына сайлау кезіндегі сайлау учаскелерінің бірі

"Нұр-Сұлтанда тұрғаныма бір жылдай болып қалды. Осы жерде жұмыс істеймін. Сайлауды қалай ұйымдастырғанын көргім келген. Барлығы жақсы, адам көп емес екен", - деп атап өтті Дмитрий.

Сайлауға келген Ресейдің тағы бір азаматы – Нина Ивановна. Ол Қарағанды облысынан келді.

"Бұл – әрбір адамның міндеті. Дауыс беру керек. Сондықтан жастарды да, егде жастағы адамдарды да, жалпы жүріп-тұра алатын адамдарды дауыс беруге шақырамын", - дейді сайлаушы.

Жаңалықтар
0