Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда Тәшенов көшесіндегі учаске жартылай жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновЗнак дорожного ремонта
Знак дорожного ремонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Жазылу
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Тәшенов көшесіндегі учаске жартылай жабылады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәшенов көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл қыркүйектің 19-на қараған түні Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.                               Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0