Видео

"Қыстан алып шыға алмаймыз": ауыл тұрғындары малдың көзін құртып жатыр - видео

Жазылу
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындарына шағымдана бермей, екі сиыр сатып алып, жан бағу туралы кеңес берген болатын

Кеңеске жүгініп, сиыр сатып алған тұрғындар енді одан құтылудың жолын іздеп отыр. Өйткені биылғы қуаңышылықта оларға берер азық жоқ.

Қуаңшылық салдарынан жем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Көптеген қазақстандық шаруалар қыста малдың қырылуына жол бермеу үшін оларды сатып жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі екі ауылдың тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мәнісін біліп қайтты.

Ақмола облысы Аршалы ауданының Арнасай және Бабатай ауылдарында да жағдай тура жоғарыдағыдай. Мұнда 1 323 адам тұрады. Егер бұрын әр үйде мал бар болса, бүгінде әрбір екінші қора бос тұр. Бабатай ауылының негізі мәселесі жайылымдық жердің жоқтығы. Ауылдың жан жағы егін алқабы, темір жол.

Былтыр ауыл тұрғындары бір жарым тонна шөпті 30 мыңнан сатып алса, биыл оның бағасы 50 мың теңге.

"Малды қыстан алып шыға алмаймыз, сондықтан сатуға мәжбүрміз", - дейді олар.

Арнасай ауылы да жем-шөп тапшылығын сезініп отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мал өсіруге мұнда жағдай жасалмаған. Ал шығынға батып өсірген малдың етін алыпсатарлар тиынға алғысы келеді.

Тұрғындар малдан айырылса, күн көріс қиындайтынын да жасырмады. Өткені ауылда басқа табыс көзі жоқ.

Ауылдықтардың мұң-мұқтажымен видеода толық танысыңыз.

 

Жаңалықтар
0