Өңірлер

Үштөбе әкімі жалған ақпарат таратқан адамды сотқа бермекші

CC0 / pixabay.com / Молоток и мобильный телефон, иллюстративное фото
Молоток и мобильный телефон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Сағынбек Карбузов өзінің ар-намысына, қадір -қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарағанын хабарлады   

ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде Үштөбе әкімі жол апаты болған жерден қашып кеткені туралы қауесет тарап жатыр. Қала басшысы өзіне жала жабылғанын мәлімдеді.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Қоғам
WhatsApp-та балаларды мектепке жібермеуді өтінген әйелдің аудиосы елді алаңдатып қойды
Жол апаты туралы ақпарат Instagram-да ushtobeqz парақшасында жарияланды. Автор Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовтың жол апатына қатысы бар деген қауесет таралып жатқанын айтады. Тәртіп бұзушы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді.

Қаратал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұржас Байназаров таратылған ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Әкімнің өзі де бұл қауесетті жоққа шығарып, жала жапқан адамды сотқа беретінін мәлімдеді.

"Мені жол апатын жасады деп айыптаған қауесет мүлде шындыққа жанаспайтынын және менің ар-намысыма, қадір -қасиетіме және іскерлік беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат екенін ресми түрде хабарлаймын. Қауесет таратушының үстінен арыздану мүмкіндігін қарастырып жатырмын", - деді Сағымбек Карбузов.  

Жаңалықтар
0