Өңірлер

Екібастұзда жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірген зейнеткер сотталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды. Сот айыпталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Екібастұзда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше ер адамды атып өлтірген зейнеткер сотталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

65 жастағы зейнеткерге Қылмыстық кодекстің 287-бабы – "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", сондай-ақ 99-бап – "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі зейнеткердің кінәлі деп танылғанын айтты.

"Сот айыпталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кейінірек сотталушы қарсыласын жек бас араздығына байланысты екі арқасынан және басынан атқаны белгілі болды.

Прокурор қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушілер – ұлы, қызы және жұбайы ең жоғары жазаны – 15 жылға бас бостандығынан айыруды және әрқайсысына бес миллион теңге мөлшерінде моралдық шығын өндіріп алуды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру ойында болмағанын түсіндірді.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жалпы сомасы 7 миллион теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0