Спорт

Қазақстандық ауыр атлет қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба Федерации тяжелой атлетики КазахстанаҚазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт Линдер
Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт Линдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Альберт Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болды. Универсиадада рекорд орнатты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Талантты спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер өмірден озды, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.

© Photo : Пресс-служба Федерации тяжелой атлетики Казахстана Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт Линдер
Қазақстандық ауыр атлет қайтыс болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт Линдер

Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.

"Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылық, тәртіп пен өз ісіне деген адалдықтың арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болатынын көрсете білді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.

Альберт Линдер 25 жаста болған.

Федерация спортшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ауыр атлеттің көз жұмуына не себеп болғаны белгісіз. 

Спортшының жетістіктері

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды. Спортшының бапкері – Сергей Седов.

Жаңалықтар
0