НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Өткен тәуілікте елімізде коронавирустан 62, коронавирустық пневмониядан 8 адам көз жұмды. Бір тәулікте індеттен барлығы 70 адам қайтыс болды.
17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (64 262 - коронавирустан және 8 527 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 1 064 адамның жағдайы ауыр,
- 317 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 192 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз: "Балаларға екпе салынады": оқушылардың тізімін жасатқан басшы жазаланды