Саясат

Тоқаев Иран президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кездесуі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Иран Қазақстанның Каспий өңіріндегі тату көршісі және ислам әлеміндегі жақын серіктесі екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды жоғары бағалады.

"Бұл – біздің алғашқы кездесуіміз. Осы жүздесу біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Иран – біздің Каспий өңіріндегі тату көршіміз және ислам әлеміндегі жақын серіктесіміз. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде артып келеді", – деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ибрахим Раиси сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны және ұлықтау рәсіміне арнайы делегация жібергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

"Иран мен Қазақстанның өзара ынтымақтастығы жан-жақты қалыптасқан. Әрине, әлеуеті жоғары байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз осы ықпалдастықтың бастауы боларына сенемін", – деді ол.

Сонымен қатар кездесуде тараптар биыл сауда-экономика бағытында оң үрдістер байқалғанын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-саттықты одан әрі арттыруға және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер өзара сапар алмасуға келісті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0