Қоғам

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері вакцина паспортын құпия сөз бойынша сатып келген

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
НовостиTelegram
"Жалған вакцинация" қызметін көрсеткен топтың құрамына екі медицина қызметкері мен олардың бірінің күйеуі кірген. Ер адамның міндеті клиент табу болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері жалған вакцина паспорттарын сатумен айналысқан үш адамды ұстады.

Жалған құжат дайындады деген күдікке 38 бен 40 жастағы екі медицина қызметкері және олардың бірінің 44 жастағы күйеуі ілінді.

Анықталғандай, медицина қызметкерлері соңғы үш ай бойы ақшаға жалған вакцинация жүргізген.

"Ақхалаттылар жалған құжат алғысы келгендерді таныстарының кеңесі бойынша қабылдаған. Медицина қызметкерлерінің бірінің күйеуі клиенттерді тауып, олармен сөйлесіп, ақысын алдын ала алып отырған. Медициналық мекемеге келген кезде адамдар жалған анықтама алу үшін құпия сөзді айтқан", - деді полициядағылар.

Медицина қызметкерлерінің өздері қылмыс жасағанын мойындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ полицейлер бұл дәрігерлерден кімдер жалған вакцина паспортын сатып алғанын анықтап жатыр.

Айта кетері, жыл басынан бері Қазақстанда ПТР-анықтама мен вакцина паспорттарын қолдан жасау және пайдалану бойынша 156 қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы жалған вакцина паспортын сатып алғандарға рақымшылық жасалатыны хабарланды. Егер олар кінәсін мойындап, екпе салдырса, қылмысы үшін жазаланбайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0