Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қызыл кілемдегі сән: MTV Video Music Awards премиясына жұлдыздар не киіп келді - фото

Жазылу
Бір жарым жылға созылған локдаунда "шаң басқан" қызыл кілем MTV Video Music Awards салтанатты жиынында қайта төселді. Биылғы кеште ерекше киінген жұлдыздар көп болды

Уақыт өте келе қызыл кілем ерекше әрі есте қаларлықтай киімдердің жарысына айналды. Бұрын бұл жарысқа тек қыз-келіншектер қатысса, бүгінде ер адамдар да сәнді киіну мен стиль таңдауда қалыспай келеді.

2019 жылы қызыл кілем үстімен көйлек киіп жүріп өткен Билли Портер осы жылы күміс түстес шалбар-костюм және платформадағы аяқ киіммен шектелді. Ал америкалық рэпер Lil Nas X Портердің ізімен жүріп, MTV Video Music Awards алаңына иығы ашық және етегі ұзын күлгін түсті көйлекпен шықты. Музыкант "Жыл видеосы" сыйлығын иеленді.

Mugler брендінің көйлегін киген Меган Фокстың 31 жастағы сүйіктісі Колсон Бэйкер (Machine Gun Kelly) танымал спортшы Конор МакГрегордың жұдырығынан әзер аман қалды. Қызыл кілем үстінде даудың неден басталғаны белгісіз, бірақ күзет болмағанда, бұл жанжал төбелеске ұласатыны анық еді.

Музыка саласындағы беделді сыйлықты табыстау салтанатына МакГрегор алқызыл костюм киіп келді.

63 жастағы Мадонна мен 52 жастағы Дженнифер Лопес өз киімімен және жасара түскен кейпімен көрерменді таңғалдырды. Ал Doja Cat киген қызықты капюшоны бар костюмді ұнатқандар аз болды.

Марапаттау сәтінде әншінің өзі "Құрт кейпіндегі киіммен марапат аламын деп ойламадым" деп қалжыңдаған болатын. Оның бұл сөзі интернет кеңістігінде түрлі мемдердің пайда болуы себепші болды.

Танымал жұлдыздардың таңғаларлық киімін Sputnik Қазақстан материалынан тамашалаңыз.

© REUTERS / Andrew KellyMTV Video Music Awards премиясына келген әнші Ашанти. Ол салтанатты жиынға белбеулерден құралған көйлек киюді жөн көріпті.
Әнші  Ашанти MTV Video Music Awards кешінде - Sputnik Қазақстан
1/14
MTV Video Music Awards премиясына келген әнші Ашанти. Ол салтанатты жиынға белбеулерден құралған көйлек киюді жөн көріпті.
© REUTERS / Mario AnzuoniDoja Cat пен SZA бірлескен ең үздік Kiss Me More туындысы үшін марапат алып жатыр.
Doja Cat пен SZA  Kiss Me More жобасында - Sputnik Қазақстан
2/14
Doja Cat пен SZA бірлескен ең үздік Kiss Me More туындысы үшін марапат алып жатыр.
© REUTERS / Andrew KellyMTV Video Music Awards шарасына келген модель Винни Харлоу.
Модель Винни Харлоу - Sputnik Қазақстан
3/14
MTV Video Music Awards шарасына келген модель Винни Харлоу.
© REUTERS / Mario Anzuoni63 жастағы Мадонна MTV Video Music Awards сахнасында таңғаларлық шоу көрсетті.
Мадонна  - Sputnik Қазақстан
4/14
63 жастағы Мадонна MTV Video Music Awards сахнасында таңғаларлық шоу көрсетті.
© REUTERS / Andrew KellyChloe x Halle дуэті MTV Video Music Awards сахнасында.
 Chloe x Halle дуэт қатысушылары MTV Video Music Awards салтанатында - Sputnik Қазақстан
5/14
Chloe x Halle дуэті MTV Video Music Awards сахнасында.
© REUTERS / Mario Anzuoni17 жастағы Оливия Родриго MTV Video Music Awards шарасында жасына сай киінгендердің бірі болды.
Оливия Родриго MTV Video Music Awards кешінде - Sputnik Қазақстан
6/14
17 жастағы Оливия Родриго MTV Video Music Awards шарасында жасына сай киінгендердің бірі болды.
© REUTERS / Andrew KellySymone мен Kandy Muse биылғы MTV Video Music Awards жиынында қанық түстерге басымдық беріпті.
 Symone мен Kandy Muse  MTV Video Music Awards шарасында - Sputnik Қазақстан
7/14
Symone мен Kandy Muse биылғы MTV Video Music Awards жиынында қанық түстерге басымдық беріпті.
© REUTERS / Mario Anzuoni MTV Video Music Awards марапатын табыстау сәтіндегі Дженнифер Лопес.
Дженнифер Лопес  MTV Video Music Awards кешінде - Sputnik Қазақстан
8/14
MTV Video Music Awards марапатын табыстау сәтіндегі Дженнифер Лопес.
© REUTERS / Andrew Kelly Меган Фокс MTV Video Music Awards салтанатты жиынына өзінің сүйіктісіне қолдау көрсетуге келді.
Меган Фокс MTV Video Music Awards шарасында - Sputnik Қазақстан
9/14
Меган Фокс MTV Video Music Awards салтанатты жиынына өзінің сүйіктісіне қолдау көрсетуге келді.
© REUTERS / Andrew Kelly Кейси Масгрейвс MTV Video Music Awards марапаттау шарасына бастан-аяқ күлгін түсті киім киді.
Кейси Масгрейвс  MTV Video Music Awards  кешінде - Sputnik Қазақстан
10/14
Кейси Масгрейвс MTV Video Music Awards марапаттау шарасына бастан-аяқ күлгін түсті киім киді.
© REUTERS / Andrew Kelly TikTok жұлдызы Белла Порчке етегі еденге жететін киіммен жүру расында да қиын болды.
Белла Поарч MTV Video Music Awards шарасында - Sputnik Қазақстан
11/14
TikTok жұлдызы Белла Порчке етегі еденге жететін киіммен жүру расында да қиын болды.
© REUTERS / Mario Anzuoni Хлои Бейли Мадоннадан үлгі алып, MTV Video Music Awards сахнасына алқызыл боди киіп шықты.
Хлои Бейли MTV Video Music Awards шарасында - Sputnik Қазақстан
12/14
Хлои Бейли Мадоннадан үлгі алып, MTV Video Music Awards сахнасына алқызыл боди киіп шықты.
© REUTERS / Mario Anzuoni MTV Video Music Awards сахнасында ән орындаған Doja Cat басына орындық көтеріп шықты.
Доджа Кэт MTV Video Music Awards кешінде - Sputnik Қазақстан
13/14
MTV Video Music Awards сахнасында ән орындаған Doja Cat басына орындық көтеріп шықты.
© REUTERS / Andrew Kelly MTV Video Music Awards салтанатты кешіне Saweetie классикалық ұзын және қимасы бар көйлек киді.
Saweetie MTV Video Music Awards шарасында - Sputnik Қазақстан
14/14
MTV Video Music Awards салтанатты кешіне Saweetie классикалық ұзын және қимасы бар көйлек киді.
Жаңалықтар
0