Видео

Қазақстандықтар Facebook пен YouTube-сыз қала ма: депутат заң жобасын түсіндірді - видео

Жазылу
15 қыркүйекте мәжіліс балалар құқығын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бұған әлеуметтік желінің қатысы қанша дерсіз? 

Депутаттар Айдос Сарым мен Динара Сариева заңға Қазақстанда өздерінің өкілдігін ашудан бас тартатын шетелдік әлеуметтік желі мен мессенджерлерді шектеу туралы норманы енгізді. Мәжілісмендердің пікірінше, бұл норма кибербуллингпен күресуге және балаларды одан қорғауға бағытталған. 

Sputnik Қазақстан тілшісі депутат Айдос Сарыммен сөйлесіп, заңның механизмін түсіндіруді сұрады.

Заң жобасы баланың отбасылық қарым-қатынастағы мүддесін қорғау мен желіде тәрбиеге кері әсер ететін контенттің алдын алуды көздейді.

Қолданыстағы заңда буллинг пен кибербуллинг түсінігі жоқ. Ал көптеген балалар әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің құрбаны болып отыр.

Сондай-ақ көрсетуге тыйым салынатын контенттің тізімін құру мәселесі көтерілді.

Депутаттар Facebook, YouTube, Telegram және Twitter сияқты ірі әлеуметтік желілер Қазақстанда заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге және өз өкілдіктерін ашуға тиіс дегенді алға тартып отыр.

Сонымен қатар сол өкілдікті Қазақстан азаматы басқаруға тиіс.

Әлеуметтік желінің балалар құқығын қорғау туралы заңдағы орны туралы видеодан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0