Мәдениет

2022 жылдан бастап фильмдерді қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі

© Photo : UnsplashЧто известно о закрытии кинотеатров в Казахстане?
Что известно о закрытии кинотеатров в Казахстане? - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
"Кинематография туралы" заңға өзгеріс енгізіледі. Заң жобасы үкіметте қазанда қаралып, 2022 жылы қабылданады деп жоспарланып отыр  

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрліктің баспасөз қызметі заң жобасына түзетулер енгізу міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз ету үшін тиісті нормалар қабылданды.

"Қазір мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссиясын құру, фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды", - делінген ақпаратта.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазір қазақ тілінде 35-тен астам фильм прокатқа шығып, демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді.

Заң жобасы үкіметте биыл қазанда қаралады. Содан кейін ол желтоқсанда парламент мәжілісінің қарауына жіберіледі. Заңды қабылдау 2022 жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0