Саясат

ҰҚШҰ елдері ауған босқындарын өз аумағында орналастыруға қатысты пікір білдірді

© REUTERS / Kevin LamarqueАфганские беженцы
Афганские беженцы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Қазақстан президенті ауған босқындары мен шет мемлекеттердің әскери базаларына қатысты ҰҚШҰ елдерінің ортақ ұстанымын қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері ауған босқындары мен шет мемлекеттердің әскери базаларын өз аумағында орналастыру қолайсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ауғанстаннан оралған қандастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Өңірлер
Ауғанстаннан оралған қандастар қайда орналасады - министрлік жауабы
Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбіде Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Ол еліміздің аумағында ауған босқындары мен шет мемлекеттердің әскери базаларын орналастыруға болмайтындығы туралы ҰҚШҰ-ның жалпы ұстанымына қолдау көрсетті.

Тоқаев гуманитарлық көзқарас тұрғысынан және ауған халқына халықаралық көмек көрсетудің маңыздылығын басшылыққа алып, Алматыда БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының қызметкерлері уақытша жайғастырылғанын хабарлады.

"Біздің бақылауымыз бойынша Ауғанстандағы жағдай тұрақсыздыққа қарай ығысып, бұл азаматтық соғысқа алып келетін түрі бар. Жаңа уақытша үкімет құрылды. Әлемде оның құрамы мен ниетіне түрлі баға берілді. Жаңа тәліб әкімшілігінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшілік орнағанын және экономикалық даму үшін жағдай жасалатынын білдірмейтіні анық. Мұның астарына үңілу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0