Өңірлер

Премьер-министр Алматыдағы маңызды инфрақұрылым жобаларын аралады

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин проинспектировал инфраструктурное развитие Алматы
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин проинспектировал инфраструктурное развитие Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Премьер-министр селден қорғайтын "Аюсай" және "Ақсай" бөгеттерінің құрылысымен, сондай-ақ Алматыдағы ірі жылу электр станциясын модернизациялау барысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында мегаполистің селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының дамуын тексерді, деп хабарлады Primeminister.kz сайты.

Сонымен қатар Алматыға төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов та келді. Тексеру шарасына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысты.

Селден қорғау бөгеттері

Үкімет басшысы "Аюсай" және "Ақсай" сел ұстайтын бөгеттерінің, "Қарғалы" су тарту құрылысының салыну барысымен, сондай-ақ Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі мореналық көлдердің жай-күйімен танысты.

© Photo : Официальный сайт премьер-министра Казахстана"Аюсай" және "Ақсай" бөгеттерінің құрылысы
Премьер-министр Алматыдағы маңызды инфрақұрылым жобаларын аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
"Аюсай" және "Ақсай" бөгеттерінің құрылысы

Сел бөгейтін "Аюсай" және "Ақсай" бөгеттерін салу Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің бір бөлігін, Алматы ГЭС каскадының объектілерін, Алматы қаласының автожолын – "Алма Арасан" санаторийін, Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел тасқынынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді.

Мамин бөгеттердің құрылысын белгіленген мерзімде – "Аюсай" бөгетінің құрылысын 2022 жылғы қазан айында, "Ақсай" бөгетінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды тапсырды.

ЖЭО-2

Үкімет басшысы ЖЭО-2 нысанында да болып қайтты. Алматыдағы 2-ЖЭО-ны аралау кезінде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мегаполисте көрсетілген ірі жылу электр станциясын, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің басқа да нысандарын жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.

© Photo : Официальный сайт премьер-министра Казахстана Мамин Алматының селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының даму барысын тексерді
Премьер-министр Алматыдағы маңызды инфрақұрылым жобаларын аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Мамин Алматының селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының даму барысын тексерді

Аталған жобаларды іске асыру атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын жылына 50,4 мыңнан 6,7 мың тоннаға дейін төмендету арқылы оның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға, сондай-ақ станциялардың жиынтық қуатын 472 МВт-қа – 1300 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы "КСМ ТехноВИД" ЖШС энергия тиімді сәулет қасбеттерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорынның қуаты жылына 475 мың шаршы метр энергия үнемдейтін ПВХ және алюминий профильді конструкциялар дайындауды қамтиды. Зауыт үшін заманауи автоматтандырылған жабдық "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы лизингтік қаржыландыру шеңберінде сатып алынды.

Индустриялық аймақта Мамин "Бижан ет өңдеу зауыты" ЖШС-да болды. Шұжық өнімдерін толық өндіру циклін қамтыған кәсіпорын тәулігіне 5,5 тонна өнім шығарады.

Туристердің таудағы қауіпсіздігі

Бұдан өзге үкімет басшысы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортын, "Аюсай" және "Горельник" визит-орталықтарын аралады. Премьер-министрге Алматы қаласында туризмді дамыту және тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.

2021 жылдың 7 айында мегаполистің туризм саласына салынған инвестициялар 56,8 миллиард (138 миллион доллар) теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,4 есе көп.

Қаланың туристік инфрақұрылымы дамып жатыр. Яғни, қонақ үйлер, глэмпингтік және кемпингтік аймақтар, тауларда визит-орталықтар салынып, тау жолдарын абаттандыру сынды жұмыстар іске асырылуда.

Қазақфильмді жаңғырту

Үкімет басшысы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ киностудиясын реконструкциялау жобасымен, сондай-ақ 350 адамға арналған стационары бар денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының, "Жас Қанат" шағын ауданындағы жалпы ауданы 233 мың шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Жаңалықтар
0