Қоғам

Полиция Алматыда балалар үйінде қыздың соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды КадырбековТеріс қарап отырған қыз
Теріс қарап отырған қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Видеодан қызды төпелеп ұрып жатқанда, жандарында тұрған ересектердің оған араша түспегенін көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов балалар үйінде қызды ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін видео әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда бір қыздың екінші қызды ұрып жатқанын көруге болады. Жандарында ересектер тұр, алайда олар қызға араша түспеді. 

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

"Бүгін (15.09.2021) аталған факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру ұйымдастырды, видеоға "Жанұя" мамандандырылған кешенінің екі тәрибеленушісінің (2004 және 2005 жылғы) жанжалы түсірілген. Оқиға 3 қыркүйекте болған", - деп жазды Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында.

Бұл оқиға бойынша бұған дейін полицияға ешкім шағым түсірмегенін.

Рустам Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі күні оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

Оқи отырыңыз: Рудныйда балалар үйінің тәрбиеленушісін 2 жыл бойы зорлаған күдікті ұсталды

 

 

 

Жаңалықтар
0