Саясат

Пәкістан премьері Тоқаевты еліне сапармен келуге шақырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПремьер Пакистана пригласил Токаева посетить страну
Премьер Пакистана пригласил Токаева посетить страну - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Тараптар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ой бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Пәкістан премьер-министрімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

"Ал Пәкістан премьер-министрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды", - делінген хабарламада.

Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.

Оқи отырыңыз: Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін – Тоқаев

Жаңалықтар
0