Елорда тынысы

Аққу кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсылық білдірді - фото

© Photo : Анастасия ЖиваяАққу бейнесіндегі суретшілер Кіші Талдкөлді құрғатуға қарсы шықты
Аққу бейнесіндегі суретшілер Кіші Талдкөлді құрғатуға қарсы шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Киелі құс кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлге құм төсеуді дереу тоқтатып, көлдің биоалуандылығы мен экожүйесін қорғауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Елордалық суретшілер  Кіші Талдыкөл көлін қорғау мақсатында Şalqyma перформансын өткізді, деп хабарлады SosTaldykol бастамашыл тобы.

© Photo : Анастасия ЖиваяАққу кейпіндегі суретші қыздар Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсы наразалық білдірді
Аққу кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсылық білдірді  - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Аққу кейпіндегі суретші қыздар Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсы наразалық білдірді

KADMII QYZYL шығармашылық тобының мүшелері Әлия Қаныбекова, Гүлмарал Тәттібаева, Наталья Лигай шараны Artcom қауымдастығының қолдауымен өткізді.

Махаббат пен сұлулықтың символы, қазақ халқы үшін киелі құс аққу кейпінде киінген суретшілер Кіші Талдыкөлге құм төсеуді дереу тоқтатып, көлдің биоалуандылығы мен экожүйесін қорғауға шақырады.

© Photo : Анастасия ЖиваяСуретшілер Кіші Талдыкөлге құм төселуіне наразы.
Аққу кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсылық білдірді  - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Суретшілер Кіші Талдыкөлге құм төселуіне наразы.

Олар ортақ шаңырақтың символындай ақ матадан ұя жасап, табиғи көлдер – халықтың байлығы мен игілігі екенін, ортақ үйіміз бен болашағымызды қорғау үшін бізге бірігудің маңызды екенін еске салды.

© Sputnik / Абзал КалиевҚұрлысшылар Кіші Талдыкөлді құрғатып жатыр, 12.09.2021
Аққу кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсылық білдірді  - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Құрлысшылар Кіші Талдыкөлді құрғатып жатыр, 12.09.2021

"Экология министрлігінің құрылыс компанияларының қызметі заңсыз екенін растағанына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әрекетсіздігі салдарынан көлді құммен жабу көз алдымызда жалғасып жатыр. Қала тұрғындары, арт-қауымдастық, экологтар, белсенділер көлді құрғатып, табиғи экожүйені жоюға қарсы! Әсіресе су тапшылығы, жаһандық жылыну, пандемия кезінде бізге қоршаған ортаны қорғау өте маңызды. Қала тұрғындарына, оның ішінде балаларымыздың бойында экологиялық саналылықты қалыптастыру үшін таза ауа, серуендеуге арналған орындар, табиғатпен сырласып, құстарды тамашалайтын орындар қажет", - деп жазды бастамашыл топ.

Жуықта елорда әкімдігі көлдің өте лас екенін айтып, болашағына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

"Жақын маңдағы аудандардың тұрғындары үшін қауіпсіздік пен жайлы өмір сүру мақсатында Кіші Талдыкөл зиянды заттардан тазартылмақ. 20 гектарға жайылған Кіші Талдыкөл су айдыны (Сығанақ көшесінің солтүстігі, Е22 көшесінің оңтүстігі, Тұран даңғылының шығысы және Ш.Айтматов көшесінің батыс жағы) сақталатын болады. Сондай-ақ су деңгейін арттыру үшін түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, батпақты жер тазартылған тоғанға, ал маңайы саябаққа айналады", - деді әкімдіктегілер.

 

Жаңалықтар
0