Денсаулық

Диетолог қандай тосап жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПрилавок с вареньем
Прилавок с вареньем - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Тосапты тоңазытқыш немесе жертөле секілді қараңғы және салқын жерде сақтау керек. Бұл қышқылдану немесе патогендер пайда болу процесіне жол бермейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Диетолог дәрігер қандай тосап денсаулыққа зиян екенін және бұзылған өнімді қалай анықтауға болатынын айтты. 

Медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатинаның айтуынша, дайындау мен сақтау талабын дұрыс орындаған жағдайда тосап бірнеше жыл бұзылмай тұра береді. Бірақ консерві өнімі көгерген болса, жемеген абзал.

"Ең тез бұзылатын тосап – аз қайнатылған түрі. Себебі ол ыстықпен аз өңделеді. Сондықтан бірден жеу керек. Сақтау мерзімі құрамындағы қант мөлшеріне байланысты болады. Қант көп болса, мейлінше ұзақ сақталады. Сонымен қатар өнімнің сапасына да байланысты. Егер ылғал көп болса, тез бұзылады. Өнімді жақсылап қайнатып, стерильдеп, пластмасса емес, темір қақпақпен жабу маңызды", - деді диетолог Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Ол тосапты тоңазытқыш немесе жертөле секілді қараңғы және салқын жерде сақтау керек екенін айтты. Бұл қышқылдану немесе патогендер пайда болу процесіне жол бермейді.

Тосапты бірнеше жыл сақтауға болады. Дегенмен ең дұрысы - бір жыл ішінде тауысу.

"Тосап бетін көгерген қабықша басуы мүмкін. Ол тым кішкентай болса да, лақтырып тастаған жөн. Қайтадан қайнату еш көмектеспейді. Одан кисель сынды өнім жасауға да болмайды. Себебі құрамында афлотоксин деген улы зат бар. Оны ешқандай ыстық ыдырата алмайды. Оның споралары адам ағзасына түскеннен кейін иммундық жүйе жұмысында кедергі туындап, бауырға салмақ түседі. Егер иммунитет әлсіресе, адам улануы мүмкін", - дейді Елена Соломатина.

Егер қақпағы көтеріліп кеткен болса, тосап та улы болуы әбден мүмкін. Тіпті адам өліміне алып келуі ықтимал. Дәрігердің айтуынша, бұл сирек кездеседі.

"Жеміс-жидек дұрыс жуылмаса, банкінің қақпағы көтеріліп кетуі мүмкін. Онда әдетте жерде тіршілік ететін ботулоксин шығаратын қауіпті бактериялар банкінің ішіне енеді", - деді Елена Соломатина.

Жаңалықтар
0