Видео

Министрлік танкистер кәсіби мерекесіне арналған видео жариялады

Жазылу
Танк әлемнің көптеген елінде әскердің негізгі жауынгерлік қуатын көрсететіні белгілі. Оның басты артықшылығы – қорғаныс пен жауынгерлік қуатында

Қазақстанның танкистері 15 қыркүйекте кәсіби мерекені атап өтуде. Бұл күн тарихта 1942 жылы Шымкент жастары "Қазақстан комсомолдары" деген жазуы бар 46 Т-34 танкін жетінші және он үшінші жеке танк полктеріне беретін оқиғамен есте қалды. Танк легінің құрылысына қажетті қаражат жинауға барша ел жастары жұмылды.

Танк әлемнің көптеген елінде әскердің негізгі жауынгерлік қуатын көрсететіні белгілі. Оның басты артықшылығы – қорғаныс пен жауынгерлік қуатында.

Қазақстанның Қарулы күштерінде танк бөлімдері мен бөлімшелері елдің әр өңірінде орналасқан. Жауынгерлік тұрғыда ұдайы әзірлікте. Танкистер іс-қимылдың жаңа тәсілін игере отырып, үздіксіз жауынгерлік даярлық деңгейін арттырып, кәсіби шеберлінін шыңдайды. Ауқымды "Алдаспан-2020" оқу-жаттығу барысында танк бөлімшелері "Танк каруселі" тәсілін сынады. Ал "Қалқан-2021" кезінде жеңілу ықтималдығын азайтуға және қарсыласты адастыруға мүмкіндік беретін "Сақ қорғаны" әдісін қолданды.

"Танк әскерлерінің офицерлері тактиканы және шапшаңдықты, әскерді ұрыста қолдануды, қару-жарақ пен әскери техника негізін жетік меңгерген. Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылығында барлық жылдарда танк бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет етіп, әскери өмірге жолдама алған генералдардың болуы кездейсоқтық емес", - делінген қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

2014 жылдан бастап жыл сайын қазақстандық команда жүлделі орындар алып, Армия халықаралық ойындарының "Танк биатлоны" конкурсында ел әскерінің намысын қорғап келеді. 2021 жылы қазақстандық команда 19 ел қатысқан сайыста үшінші орын иеленді. Біздің танкистер Ресей мен Қытайдан келген танкистерге есе жібергенмен, Әзербайжан, Беларусь, Сербия, Өзбекстанның үздік экипаждарынан басып озды.

Sputnik видеосынан қазақстандық танкистердің күнделікті ісімен таныса аласыз.

Жаңалықтар
0